713-742 жылдары
«М1», «Е-78», «Көне түрік жазулы тиын»
Минусинск ойпаты.
Минусинск музейінде сақтаулы. МКМА № 9905-5.
Таң дәуіріндегі «Кай юань Тун-бао» деп аталатын тиын ақшалардың бірі. Мұндай ақшалар түріктерде, соғдылықтарда да кең қолданылған.
Ортасында төртбұрышты тесігі алдыңғы бетінде төрт дана қытай иероглифті, артқы бетінде 9 таңба-әріпті түрік бітік мәтін қашалған.
шеңбері – 2,5 см.
Е.Дроун 309, В.В.Радлов 310, Х.Н.Орхун 311, Э.Р.Рыгдылон 312, Д.Д.Васильев 313, А.М.Щербак 314, И.Г.Добродомов 315, И.Л.Кызласов 316 зерттеу жүргізген.
В.В.Радловтың транскрипциясы:
Beŋ čayan bir aqča - Бең-Чайан бір ақшасы
И.Л.Кызласовтың транскрипциясы:
Biŋ čі urum aqča - Пинг чи. Соғылым ақша
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.212.