қазрусeng
:
:
  "Зүүн оройн өвөлжөө" (Ақ шоқы) түрік бітік мәтіні

"Зүүн оройн өвөлжөө" (Ақ шоқы) түрік бітік мәтіні


Зуун оройн оволжоо


Бұл түрік бітік мәтіні Моңғолия, Баян-Өлгей аймағының Ұлан-құс сұмыны (ауылы) “Ақ шоқы” (моңғолша:Цагаан салаа) жерінің “Зүүн оройн өвөлжөө” (Шығыс төбешік қыстауы) қыстауындағы жар тасқа бәдізделген.

1995 жылы Моңғол-Америка-Орыс мемлекеттерінің “Ежелгі Алтай” проектісі бойынша зерттеу жүргізген экспедиция мүшелері Д.Цэвээндорж, Э.Якобсон, В.Д.Кубарев тапқан.


Бұл жазудағы күрделі мәселе 3, 4, 6,14-нші таңба-әріптердің бітімі. Біз өз болжауымызша оқыдық. Әлбетте, бұл жазудың толық көшірмесін жасау қажет екенін айтқымыз келеді.

Осы жартаста 19 таңба-әрiптi түрiк жазуы бiздiң транскрипциямыз бойынша мынадай:

Ö T N S L E L J A J G N Č U R A E K R A

Бұл бiтiк-жазудың оқылуы

ÖTÜN ISIL EL UJA JEGEN ČURA EKU ARA

Осы жазудың мәнi:

ҮНЕМI ЖЫЛЫН ЕЛ ЖҰРТ ЙЕГЕН-ЧҰР ЕКҮ - АРА


Бұл жазу жөнінде алғашқы хабарды Д.Цэвээндорж, Ц.Баттулга418 жария етіп:

"Көне түрiкше: ÖTÜNSEL EL UJA JEGEN AČA ERE EKE ARA

Қазақша: Өтүнсил туыс /ағайын/ жиен немере ер екi ара

Моңғолша: ötünsil ulus törel jige aжa er-e qoyar (-un) dumda

Туваша: Өтүнсил улус төрел чээн оглу эр ийи ара" деп аударған.

Дегенмен осы көне түрік жазуын әлі де тиянақтай зерттеу қажет.


  ÜTIN: Бұл сөз өтүн, өдүн өт-,өд- т.б. тұлғаларда "уақыт,үнемі, тұрақты, өту, кету" мәнді беретін түркі тілдерінде жиі қолданатын лексем. 419

ІSІL: "Жұбану, жылыну, көну" деген мағынада қолданған. 420

EL UJA: Біздің пікірімізше "ел-ұйа" - тұрақты тіркес болу керек. Ел жұрт, туған ел деген мәнде .

JEGEN ČURA EKU-ARA: Кісі аты мен лауазымы. Күл-Чұр түрік бітік-жазуында "Йеген-чұр" деген ат кездеседі.421

1.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (1)
2.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (2)
3.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (3)
4.Базылхан Н. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы көне түрік бітіктердің жаңаша оқылуы //"Отан тарихы" ғылыми журналы, 2003, №2-3.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.