қазрусeng
:
:
  Малиновка (e-56) бітіктастағы мәтін

Малиновка (e-56) бітіктастағы мәтін


Малиновка селосынан 1 км батыстағы Уюк өзені бойындағы жазықта орналасқан қорғанда табылған.

1948 жылы Э.Р.Рыгдылон Минусинск музейіне әкелген. Бірақ кейін қайта жоғалған.


Құлпытас құмдақ тастан жасалған. Қимасында көпқырлы қисықтау болып келген. 515

Екі жол мәтін бар. Осы уақытқа дейін жасалған жаңғыртпалардың арасында айырмашылықтар бар. И.Л.Кызыласов реконструкция жасау жұмысын жүргізген.


көмілмеген бөлігінің өлшемі 100 х 40 х 15-20 см.


1947 ж Киселев тапқан. 1948 ж Э.Р.Рыгдылон қайта тапқан. Э.Р.Рыгдылон490, Л. Р.Кызласов491 492, И.Л.Кызласов493, Д.Д.Васильев зерттеген.

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.