қазрусeng
:
:
  Аржан II (е-103) қапсырмадағы түрік бітік мәтін

Аржан II (е-103) қапсырмадағы түрік бітік мәтін


Аржан II, Е-103 515


Уюк өзенi жағалауындағы Аржан ауылының маңындағы жазықтағы Сақ қорғаннан табылған. Көне түрік мәтіні жазылған сүйектен жасалған ауыздық (е-102) пен қаңылтыр белдіктің бөлігі (е-103) табылған.

Д.Васильев бойынша Красноярск экспедициясында табылған мұрағаттармен бірге Эрмитажда сақтаулы. ЛО ИА АН СССР. 515 Бірақ 2009 ж Эрмитажда табылмады. Эрмитаж қызметкері Л.С.Марсодоновтың айтуы бойынша Тува, Қызыл қ. "60 батыр музейінің" көрмесіне қойылған.


Қоладан жасалған белдіктің бөлігі.

Биіктігі 1,5 см-дей болатын 2 таңба. Бұлардың жанындағы бірнеше таңба көрінбейтіндей болып өшіп кеткен. Зерттеулерде солдан оңға қарай оқылған, ü графемасы керісінше жазылған.


4 см-дей ұзындығы.


1971 ж Комарова тапқан.


  "Васильев Д. Д. Корпус тюркских рунических памятников бассейна Енисея." кітабынан алынған анықтама.

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.