Ескерткіш аталуы
Уюк Оорзак I-III, Е-110 515
Табылған жері мен cақтаулы жері
Оорзак шатқалы Уюк өзен аңғарындағы егістік алқаптан табылған.
Тува Мұражайында сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Екі көрші жатқан жақтарының орта және жоғарғы бөліктерінде екі-екіден 4 жол мәтін қашалған. Бір жағында жолдардың арасында өте өшіңкі бірнеше таңба байқалады. 1-жолда екі таңбаның сыятындай ашық жер бар. 2-жолдың басы өшкен. 4 жолдың ортасында анықталмаған 1-2 таңба бар.
Бұғы тас, қоңыр қызыл құмдақ тас. Төрт қырлы.
Ескерткіш өлшемі
236 х 35 х 13-24 см.
Ғылыми зерттеулері
1974 ж. Грязнов, Маннай-оол жүргізген ТНИИЯЛИ экспедициясы тапқан. 3.Б.Чадамба 494, 495, 496, Д.Д.Васильев 497 зерттеген.