Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Элегест бірінші ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Элегест өзені бойындағы қорғанда орнатлыған.
1915 ж. Адрианов Минусинск музейіне әкелінген. ММ, инв № 19
Ескерткіштің сипаттамасы
Аржсондағы кіші қорғанның құрамдас бөлігі.
Қара сұр сланец тастан жасалынған. Екі қапталы және екі қыры барлығы 12 жол мәтін қашалған. Екі «көсеу» мен «ашамай» іспетті таңбасы бұғытастың 6 жол жазулы бетіннің төмеңгі тұсында қашалған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі - 3,11 м, ені - 0,54-0,78 м, қалыңдығы - 0,20 м.
Ғылыми зерттеулері
1888 ж. И.А.Аспелин тапқан. В.В.Радлов, Х.Н.Орхун, С.Е.Малов, И.А.Батманов және т.б. ғалымдар зерттеді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.177.