Ескерткіш аталуы
Дэл уул
Табылған жері мен cақтаулы жері
Бұл түрiк бiтiк ескерткiшi Моңғолия, Дундговь аймағының Өлзийт сұмыны(ауылы)-ның 5-ншi бақ (бөлiмше)-тағы “Баруун бэлүү” (Оң қайрақты) деген жердегi жартаста бәдiзделген екен445. Онда көне түрiк төрт жазу жазылған және т.б. таңба, сурет сызықтары бар. Осы жерде кейiннен салынған будда монастыр қалдығы да орналасқан.
Табылған жерде.
Ескерткіштің сипаттамасы
I түрiк бiтiк жазуы: Бұл жазу 85 таңба-әрiптi.
II түрiк бiтiк жазуы: Бұл жазу 24 таңба-әрiптi.
III түрiк бiтiк жазуы: Бұл жазу 10 таңба-әрiптi.
IV түрiк бiтiк жазуы: Бұл жазу 6 жол.
Ғылыми зерттеулері
Осы жазулар туралы мәлiметтi 1987 жылы Моңғол мемлкеттiк университетiнiң мұғалiмi Д. Хүүхэнбаатар т.б. зерттеушiлер айтады. Одан кейiн 1989 жылы Моңғол-Советтiк бiрлескен экспедициясы тексерiп фотосурет, көшiрмелерiн алған. Алайда, осы жазулардың мәнi-мағынасы жайында Ю. Болдбаатар (I жазуы туралы), Ц.Баттулганың (II, III жазуы туралы ) мақалалары ғана қысқаща жарық көрген.446 Т.Санжмятав “Монголын хадны зураг” деген монографиясында I жазудың қол көшiрме суретiн жартылай берген.447