Ескерткіш аталуы
Чаа-Холь IV, Е-16 515
Табылған жері мен cақтаулы жері
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
Чаа-Қол IV (e-16) табылған жері Ұлық-Кемнiң сол ағысы Чаа-Хол өзенiнен 8 км жерде.
1889 жылы Хейкел Хельсингфорсқа алып кеткен. Қазір Хельсинкидегі Ұлттық Музейде сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Құмдақ тас. Тастың көлденең қимасы төртбұрыш. Қырлары анық.
Үш бетінде 3 жол мәтін қашалған. 1-жолдың астында таңба бар.
Ғылыми зерттеулері
1888 ж Сафьяновтың сілтеуі бойынша Аспелин тапқан. 1889 Хейкел зерттеп, көшірмесін алған.