Ескерткіш аталуы
Чаа-Холь Х, Е 22
Табылған жері мен cақтаулы жері
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
Бітіктасты Қызылдағы СТЭАН-ға алып келген. 1973 ж Тува музейіне әкелінді.
1973 ж бері Тува Музейiнде сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Бітіктас қызыл күрең сланец тастан жасалған. Көлденең қиғанда төртбұрыш болады. Беті тегістелген. Қырлары анық.
4 жолдан тұратын мәтін екі бетіне тігінен қашалған. Жолдар бір бірінен рельефті сызықпен бөлінген.
3 және 4 жолдардың астыңғы жағында таңба бар. Бітік біраз қираған.
Ескерткіш өлшемі
Биіктігі – 142 см, ені – 25 см, қалыңдығы – 25 см
Ғылыми зерттеулері
Сафьяновтың сілтеуімен 1888 ж Аспелин тапқан. 1889 ж Гейкел фотоға түсірген 121 (I, XV). Зерттеулер көбіне осы басылымға сүйенеді. Мәтіндік зерттеуін С.Е.Малов, H.N.Orkun және т.б. жасаған.