Ескерткіш аталуы
Руническая надпись в уйгурской рукописи, British Library (Stein Collections) Or.8212/104
Табылған жері мен cақтаулы жері
Дунхуаннан табылған.
Британ кітапханасында сақтаулы. Or. 8212 (104).
Ескерткіштің сипаттамасы
Ұзын қағаз орамына жазылған 466 жолдан тұратын ұйғыр тіліндегі мәтін. "Сегіз сиқырлы ғажайып" (Säkiz jükmäk bögülük arvis) атты будда сутрасының ұйғыршасы. Жапон экспедициясы тапқан қытайша "Tian di ba yang zhou jing" сутрасының аудармасы деп есептеледі. 589 Ұйғырша мәтін жазылған орамның бас жағы бүлінген.
Орамның сыртқы бетінде бірнеше көне түрік бітікпен жазылған азғантай сөз бар. Ортасындағы бөлгіш қоснүктені қоса алғанда 10 таңбадан тұратын сиямен жазылған жол.
Ескерткіш өлшемі
Ені - 27 см, ұзындығы - 790.5 см.
Ғылыми зерттеулері
W.Bang, А.Бернштам мәтіндік зерттеуін жасаған.
Бернштамның оқығаны: Kügir : bitidim Я, Кугур, написал.