Тарихи анықтама
731 ж.
көне т.б.: Küli Čur. Түрiк Елі дәуiрiндегi Тардуштың шад- чұр лауазымды әскери қолбасшысы. Мәтiнде белгiлi бiр мерзiм айтылмағандықтан зерттеушiлер оның дәл қандай уақытта жазылғанын әлi күнге дейiн анықтай алмай келедi, сондықтан шамамен VIII ғасырдың бас кезеңiне жатқызады.
Ескерткіш аталуы
«Их хөшөөт», «Күл-чор ескерткіші», «Күлі-чұр ескерткіші».
Табылған жері мен cақтаулы жері
Қазiргi Моңғолия елiнiң астанасы Ұланбатырдан 200 км батыс-оңтүстікте, Төв аймағы Дэлгэрхаан сұмыны «Их-хөшөөт» деген жерде орналасқан. Солтүстік ендік бойынша- 46º54´; шығыс бойлық бойынша- 104º33 ´.
Ескерткiш кешеннің барлық құрамдас бөлшектері орналасқан жерiнде.
Ескерткіштің сипаттамасы
Күлчұр ескерткiш-кешенi мынадай құрылымды:
1. Көтеріңкі жер қабаты, 53х35 м
2. Бітіктас (мәтін төрт қапталында - 29 жол), өлшемi- 1,90 x 0,61 x 0,20 м, 1 дана,
3. Бітіктастың жалпақ тұғыры, 1 дана
4. Бәдіздер - 8 дана
5. Арыстан тас- 2 дана
6. Қой тас – 2 дана
7. Сандық тас – 4 дана (бөлініп кеткен)
8. Балбал тастар – 165- шығысқа 1 км дейін шұбырып, соңы солтүстік шығысқа қарай иіріңкіреп барып бітеді.
Бітіктас қоңыр күрең түсті сланец тастан жасалынған. Мәтіннің таңба-әріптері біршама өшiңкі. Шығыс бетінде 13 жол, оңтүстік қапталында – 4 жол, батыс бетінде – 12 жол және 1 жол көлденең жазулы. Солтүстік бетінде жазу қашалған іздері ғана қалған.
Ескерткіш өлшемі
Биіктігі – 1,90 м., ұзындығы - 0,61м, ені - 0,20.
Ғылыми зерттеулері
1912 ж. В.Л.Котвич зерделей тексерiп, А.Н.Самойловичпен бiрге мәтінін аударып жариялайды