Ескерткіш аталуы
Бичикту-Бом II/1, Бичикту-Бом II/2
Табылған жері мен cақтаулы жері
Оңғыдай ауданындағы Бичикту-Бом ауылының оңтүстік маңынан табылған. 1970 жылдары Горно-Алтайск қаласына әкетілген.
Қазір Алтай республикасының А.В.Анохин атындағы Ұлттық музейінде сақтаулы. Бичикту-Бом II/1 инв.№ 10354/1, Бичикту-Бом II/2 инв.№ 10354/2.
Ескерткіштің сипаттамасы
Жұқа сланец тақтаның бетіне бітіктелген. «Древнетюркский словарь» бойынша индексі - А8526. Ғылыми зерттеулерде Бичикту-Бом II/1 және Бичикту-Бом II/2 деп қарастырылады.
Бичикту-Бом II/1 тігінен қашалған екі қатар жолдан тұрады. Бірінші жолда 6, екіншісінде 5 таңба бар.
Бичикту-Бом II/2 тігінен қашалған 9 таңбадан тұратын 1 жол.
Ескерткіш өлшемі
Бичикту-Бом II/1: жоғарғы жолдың ұзындығы 7,4 см, төменгі жолдың ұзындығы — 6 см; Бичикту-Бом II/2: жолдың ұзындығы 9 см, таңбалардың биіктігі 2-2,5 см.
Ғылыми зерттеулері
1950 жылдардың соңында табылған. Табылған орнында 1964 ж К.Сейдакматов 524 зерттеді. Э.Р.Тенишев, Д.Д.Васильев, А.С.Суразаков, И.Л.Кызласов525, В.А.Кочеев 523 (3-ескерткіш) зерттеу жұмыстарын жасады. Мәтіндің зерттеуін К.Сейдакматов, Э.Р.Тенишев, И.Л.Кызласов жасады.
Тастың жоғарғы бөлігіндегі жазудың мағынасы, Қызыласов бойынша:
«(Мой бог) предстань перед грешным мужем. (Это я написал)».
Тастың төменгі бөлігіндегі жазу: «(И) твоему сыну человеческому (явись)».