TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Долоодойн бітіктасы
Анықтама Мәтін Сурет Сызба Өлшем

Долоодойн бітіктасы

Тарихи анықтама

VIII-IX ғасыр.

Қырғыз мемлекеті дәуіріне қатысты мәтін. Мазмұны жағынан Енисей ескерткіштерімен үндес келеді.

Ескерткіш аталуы

«Долоодойн ескерткіші»

Табылған жері мен cақтаулы жері

қазіргі Моңғолия Увс аймағы Түргэн сұмыны Хар ус деген жерден табылған.

Увс аймағы Улаангом сұмыны өлкетану музейінде орнатылған.

Ескерткіштің сипаттамасы

Ірі қорған (шеңбері - 17,5 м), бітіктастан тұрады.

Бітіктас қызғылт қоңыр түсті гранит тастан жасалынған. Мәтін 4 жол, таңба әріптедің биіктігі 7,5-8 см, ені 6,9-7,1 см, қашау тереңдігі 0,1-0,2 см. Бірінші жолдың (D-1) ұзындығы шамамен 105 см, екінші жол (D-2) - 102 см, үшінші жол (D-3) 103 см, төртінші жол (D-4) 102 см. Мәтіннің жол басы төменгі тұсынан жоғары қарай қашалған. Мәтінде 68 таңба-әріп бар, оның 30 таңба-әрпі анық көрінбейді. Таңба-әріптері Енисей бітіктастарына өте ұқсас.

Ескерткіш өлшемі

биіктігі – 123 см, ұзындығы – 50 см

Ғылыми зерттеулері

1955 ж. моңғол археологы Ц.Доржсүрэн тапқан 251 . Ол бітіктастарды алғаш тапқан сәтін былайша сипаттайды: « ... жергілікті тұрғындар айтқан «жазу белгісі бар ескерткішті » іздеуге шықтық, тіпті адасып та кеттік, әйтеуір әрең дегенде таптық. Ол жер Түргэн сұмыны Хар Ус деген жердегі «Долоогодойн бейіті» деп аталатын жазулы ескерткішті екі ірі қорған екен. Жергілікті тұрғындардың «Долоогодойн бейіті» деп не себептен атайтынын білетін жан табылмады. Екі қорған да өзен суының тасымен үйіп жасалған екен. Алдыңғы үлкен қорған биіктігі 2 м. Шеңбері 20 м. Қорғанның төрт бұрышында әрқайсысының биіктігі 1 метр, төрт қызыл гранит тас орнатылған. Шығыс жақтағы тас 57 сөзден тұратын 8 жол ұйғыр жазулы ескерткіш екен.

Ал, артқы жақтағы кішігірім қорғанның биіктігі 1м., шеңбері 17,5 м. Қорғанның күн шығыс бетінде Орхон-енисей әрпімен жазылған 4 жол қызыл гранит ескерткіш орнатылған . Біз фотосуретке түсіріп, ескерткіштің жазуын көшіріп алып, аталмыш екі ескерткішті Увс аймағы өлкетану музейіне тапсырдық. Ұйғыр жазулы ескерткіштің жазуы өте жақсы сақталынған. Орхон-енисей жазулы ескерткіштің тұстары кетіліп көмескіле бастағандықтан оның оқылуы да қиын. Біз 1956 жылы аталмыш екі қорғанда археологиялық қазба жүргізгенбіз, алайда материалдық қандай да бір зат табылмады ».

Бұл бітіктастың мәтіні жайында бұрын-соңды зерттеу жүргізілмеген. Бітіктастағы мәтіннің таңба-әріптері тым өшіп кеткен. Оның үстіне кезінде музей қызметкерлері ақ бояумен таңба-әріптерін айқындамақшы болып жөн-жосықсыз бояғандықтан мәтіннің оқылуы қиынға соғады.

Қосымша мәлімет

  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.160-161.

Толық мәтінді деректер
1.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (1)
2.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (2)
3.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (3)
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.