Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Кызыл Чыраа бірінші ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Ұлық Кем өзені Баян-қол саласының Қызыл Чыра деген жерде қазіргі Қызыл қаласынан 50 шақырым батыста орнатылған.
1961 ж. И.А.Батманов зерттеп, Тува мұражайына әкелген.
Ескерткіштің сипаттамасы
Ұлық Кем өзені Баян-қол саласының Қызыл Чыра деген жерде бір-біріне жақын екі бітіктас (Е-43, Е-44) орнатылған екен.
Сұр құмдақтастан жасалынған. Төбе тұсы доғалақтау етіліп жасалынған. Бір беті мен бір қапталында барлығы 5 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі - 1,84 м, ені - 0,45 м, қалыңдығы - 0,13 м.
Ғылыми зерттеулері
1916 ж. Адрианов тапқан. С.Е.Малов, Х.Н.Орхун, И.А.Батманов, А.И.Кунаа, Д.Д.Васильев, И.В.Кормушин, А.М.Щербак және т.б. ғалымдар зерттеді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.191.