Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Туваның бірінші ескерткіші », «Бай-Булун екінші ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Ұлық Кем өзені сол жағалауы Бай-Бұлын деген жазықтағы қорғанда орнатылған.
1915 ж. Минусинск музейіне әкелінген. Инв.№ 22.
Ескерткіштің сипаттамасы
қола және көшпенділер заманының бұғытасы (б.з.д. VII-III ғғ).
Ақсұр құмдақ тастан жасалынған. Бір қапталы және бір қырында барлығы 4 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі - 3,17 м, ені - 0,30-0,65 м, қалыңдығы - 0,21-0,23 м.
Ғылыми зерттеулері
1915 ж. Адрианов тапқан. С.В.Киселев, С.Е.Малов, И.А.Батманов, А.И.Кунаа, А.С.Аманжолов, И.В.Комушин зерттеді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.197.