Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Элегест екінші ескерткші», «Элегест III»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Елегест өзені орта ағысындағы оң жағалауында Е-52 бітіктастан оңтүстікте 5 шақырымда орнатылған.
1961 ж. Тува музейіне әкелінген.
Ескерткіштің сипаттамасы
қола және ежелгі көшпенділер дәуіріне қатысты бұғытас
Ақшыл сұр құмдақ тастан жасалынған. 3 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған. Бұғы таста әр түрлі белгі таңбалар қашалынған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі - 1,90 м, ені - 0,40-0,70 м, қалыңдығы - 0,10-0,27 м.
Ғылыми зерттеулері
1907 ж. Гране тапқан. С.Е.Малов, И.А.Батманов, А.И.Кунаа, А.М.Щербак, А.С.Аманжолов, Д.Д.Васильев, И.В.Комушин зерттеді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.199.