Тарихи анықтама
VIII-X ғ
Ескерткіш аталуы
«Талас өзені бойындағы ескерткіштері», «Талас руникалық ескерткіштері», «№13 ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Талас ауданы Жон-Арық ауылыынан 2 шақырым оңтүстіктегі Төрт-Көл деген жерден табылған.
Қырғызстан, Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Сұр құмдақ тастан жасалынған. Тастың үстіңгі бетінде 6 жол мәтін қашалған. Алайда жазуларының кейбір тұстары өшіп кеткен.
Ескерткіш өлшемі
95х40 см
Ғылыми зерттеулері
1977 ж. Ч.Жумагулов, Г.Карагулова384 тапқан. Мәтіндік зерттеулерін Ч.Жумагулов385 , С.Г.Кляшторный, А.С.Аманжолов 386 жасады.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.236-237.