Ескерткіштің сипаттамасы
Қазiргi Моңғолияның Бұлғын аймағы, Гурван бұлақ сұмыны “Гурвалжин уул” (Үшкiл тауы) деген жердегi жартаста қашалған.
Жартастағы жазу – 1 жол, 2 таңба қашалған.
Ғылыми зерттеулері
Алғашқы мәлiметтер О.Намнандорж427, Б.Ринчэн428 1968 жылы жариялайды. Қазақ ғалымы Б. Базылхан 426 1969 жылы осы мәлiметтер негiзiнде оқып аударады және түсiнiктеме бередi. 1975 жылы С.Г.Кляшторный429 мұны басқаша оқып түсiндiредi.
Б.Базылхан бойынша: Теңрi құлы : амiсте iт (Тәңрi құлы ендi iздеп тап)
С.Г.Кляшторный бойынша: Теңрi құлы : бiтiдiм (Тәңрi құлы жаздым).