Ескерткіш аталуы
Чаа-Холь II, Е 14 515
Табылған жері мен cақтаулы жері
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
1961 ж Тува музейі мен ТНИИЯЛИ қызметкерлері Тува музейіне әкелген. Қазір сонда сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Ескерткіш жасыл сұр сланецтен жасалған. Көлденең қимасы төртбұрыш. Беті тегістелген. Төбесі доғалданған. Қырлары анық.
3 жол мәтін тігінен үш қабырғасына бір-бірден қашалған. 2-жолдың соңы төбесіне жеткенде айналып кетеді. 1-жол жазылған беттің төменгі жағында таңба бар.
Ескерткіш өлшемі
115 х 41 х 20 см
Ғылыми зерттеулері
1888 ж Сафьяновтың сілтеуімен Аспелин тапқан. 1891 ж Клеменц бітіктасты зерттеп, көшірмесін жасады. 1892 ж Ошурков алдыңғыға қарағанда жақсырақ көшірмесін жасады.
Әртүрлі зерттеулерде мәтіннің оқылуы әртүрлі.