Табылған жері мен cақтаулы жері
Уйбат өзенiнің оң жағалауына орналасқан Чарков поселкесіне жақын жердегі бейіттердер табылған.
Минусинск мұражайында сақтаулы. Инв. № 29.
Ескерткіштің сипаттамасы
Сұр құмдақ тегіс тастың сынығы. Стеланың жоғарғы бөлігі. Беті тегістеліп, қыры шығарылған.
Барлығы 5 жолдан тұратын мәтін. Ешбір жол толық сақталмаған. Барлық жол бір бетке қашалған. Оңнан солға оқылады, 1-жол қалғандарына теріс қашалған.
Ескерткіш өлшемі
Биіктігі - 83 см, ұзындығы - 53 см, ені 15 см)
Ғылыми зерттеулері
1885 ж Кузнецов-Красноярский тапқан.