TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Бөліктер
Таңба
Бітік оқу
Бітіктеу
Сөздік
Мәтін
Кіріспе
Бітік деген не?
Сөз бен атау
Табиғат, қоршаған орта атаулары
Туыстық қарым-қатынасты білдіретін атаулар
Дене мүшелері атаулары
Жан-жануар, аң-құс атаулары
Үй,құрылыс атаулары
Қазба байлық атаулары
Әлеуметтік атаулар
Сын-сапа атаулары
Сан атаулары
Әскери құрылым мен жасақтардың сандық көрсеткіштері
Қағандық саяси-әскери билік жүйесінің негізгі тұлғалары
Қазақ тіліндегі ескерткіш мәтіндері
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
 Көне түрік ескерткіш мәтіндері
1. Күлтегін бітіктасының мәтіні
2. Білге қаған бітіктасының мәтіні
3. Тұнық-ұқ бітіктасының мәтіні
4. Ел етміш (Білге атачым) Йабғұ бітіктасының мәтіні

Тұнық-ұқ бітіктасының мәтіні

(1-62 жол)



Бiлге Тұнық-ұқ мен өзiм қытай елiнде өмiр сүрдiм.
Түрiк халқы қытайға топ-тобымен ерген кез едi.
Түрiк халқының ханы болмай жүрді,
Қытайдан айырылды.
Ханды болды. Ханын тастап, қытайға тағы да жанасып iшiне кiрдi.
Тәңiрi сонша деген екен
«Хан бердiм,
Ханыңды тастап қытай iшiне ендiң,
Оның iшiне енгенiң үшiн

Тәңiрi сендерді өлімтік болдырған екен.
Түрiк халқы өлдiң, алқындың, жоқ болдың!.
Түрiк-Есiр («ер тақты, қыран?») халық жерiнде

Халық адам қалмады-ғой!
Тау-таста қалғандары шығып, жетi жүз болды.
Екi бөлігі атты едi.
Бiр бөлігі жаяу едi.
Жетi жүз кiсiнi артымнан ерткен ұлығы шад едiм.
«Жиыл жинал»! дедi, жиюшысы мен едiм.

Бiлге Тұнық-ұқ қағаныма ұқтырайын дедiм. Қайғырып ойландым.
Арық бұқа
Семiз бұқа ұзақ-жырақта
деп бiлсе, семiз бұқа арық бұқа деп
бiлмес едi деп, сонша қайғырдым, сақтандым сонда кейiн

Тәңірi бiлiк берген үшiн
өзiм ғана қағанды көтердім, қаған еттiм.

Бiлге Тұнық-ұқ Бойла Баға Тархан
бiрлесе, Елтерiс қаған болып
бергi жаққа қытайды
ілгері қытанды
арғы жаққа Оғұзды бәрін жойдық.

Бiлiмдісі сапшысы мен ғана едiм!

Чұғай құздың Қара Құмық дегенде отырар едiк.
Киiк жеп, қоян жеп отырған едiк.
Халықтың тамағы тоқ едi.
Жауымыз тегiс үш-оқтай едi.
Бiз әлсiз жемтiк секілді сонша отырған едік.
Ерiктi Оғұз атынан елшi келдi.
Елшінің сөзiнде:
«Тоғұз Оғұз халық үстiнде қаған отырды делінеді».

Қытайға қарай Құны-сеңгүндi жіберді.
Қытанға қарай Тоңра-Семiкті жіберді.

Сөзді солай деп жіберген.
«Азған-тозған азғана Түрiк
жорық жорытуы бар деді.
Қағаны алып едi.
Айғұшысы (кеңесшісі) бiлiктi едi.

Ол екi кiсi бар болса,
Қытайды өлермен етер,
Шығыста Қытанды өлермен етер,
Бiздi Оғұзды өлермен етер!


Қытай алдыңғы жақтан келмек
Қытан шығыстан жақтан жөнелмек
Мен артқы сыртқы жақтан тисейін !»

Түрiк Есiр халық жерiнде жеткізе иесі жортпасын, өлтіріп ай оқтай жаулайық!»
депті. Сол сөздi есiтiп
түнде ұйықтағым келмедi,
күндiз отырғым келмедi!

Соны айтып қағаныма өтiндiм,
сонша өтiндiм!

Қытай, Оғұз, Қытаң
бұл үшеуi бірігіп шабуылдап
тисетіні, бiз екенбіз.
Өз iшi-сыртымызды берік ұстап отырмыз.
Жұқа тұрғанды таптау оңай,
Жiңiшке тұрғанды үзуi оңай,
Жұқа қалың болса таптауы қиын болар,
Жiңiшке жуан болса үзу қиын болар!.

Шығыстағы Қытаңнан
Оңтүстіктегі Қытайдан
Батыстағы Құрұдыннан
Солтүстіктегі Оғұздан

екi үш мың әскерімізбен жетсек!
Солай жасауға сонша өтiндiм!
Қағаным менің өзiмнің
Бiлге Тұнықұқ өтiнген
өтiнiшiмiзді есiтіп тыңдады.

Көңiлiнше ұйғарды.
Көкүң өзенге қарай
Өтүкен жайсаңға қарай ұйғардым.
Iнiгек көлге Туылада Оғұз келдi.
Әскері алты мың едi.
Бiз екi мың едiк, соғыстық.

Тәңiрi жарылқап, жеңдік.
Өзенге түстi, жаңылған жолдарда
олар және өлдi, содан кейін
Оғұз қаптай келдi.
Түрiк халқын Өтүкен жерiне
келтірдім мен өзiм Бiлге Тұнық-ұқ

«Өтүкен жерiнде қонды» деп естiп,
Оңтүстіктегі халықтан
Солтүстік жақтағы,
Батыстағы халықтан келдi.
Екi мың едiк....болды
Түрiк халық отырғалы
Түрiк қаған отырғалы

Шантұн балық- қалаға
Талұй (Теңіз) өзенге шапқан емес едi.
Қағаныма өтiнiп, жорық жасадым.
Шантұн балық-қалаға
Талұй өзенге шабуылдадым.

Жиырма үш қала талқандалды
Ұсын Бұнтатұ (?) жұртында жата қалар едi.

Табғач-қытай қаған жауымыз едi.
Он Оқ қаған жауымыз едi.
артық .....күш......болды
ол үш қаған үндесiп,
Алтын тауы үстiне күш қосамыз дептi
сонша үндесiп

шығыстағы Түрiк қағанға қарай жорық жасаймыз дептi.
Егер жорық жасамасақ қашқақтаса болмас!
Олар бiздің
қағаныиыз алып едi.
айғұшысы-кеңесшiсiміз бiлiктi едi.
Қашқақтай кетсе өлмей кете берер!
Үшеуiміз бірігіп жорық жасайық,
оларды жоқ етіп шабайық деген екен.

Түргеш қаған сонша деген екен:
«Менiң халқым сонда бар дедi.
Түрiк халқы тағы да бүлініп отырған болар.
Оғұздар да тағы шашырап отыр дедi»
Ол сөзді естiп

түн жамылып ұйықтағым келмес едi
отырғым келмес едi !
сонда қайғырып сақтандым!
............... сү-......дедiм

Көгмен жолы бiр едi , тұманды деп естiп
бұл жолмен жорытсақ жартысы (төте) дедiм
...........жершi тiледiм.
шөлдемес ерi болдым.
өзiм аз жер.............едi
бiр тұрақтау жер бар едi, оған бардық.
Іңiр жатып бiр атты бар деп
ол жолмен жорытсақ
ұтымды дедiм. Ойландым қағаныма
өтiндiм, әскер жорыттым
«аттан» дедiм.

Ақ терiмлiктi кешiп ұраға қалдырдым.
Ат беліне келер қарды арылтып
Жоғары ат жетелей жаяу, ағаш ұстап өрледік.
Шығыста екi батыр ер
жоғарлағанша Ыбар басын астық.
Қыраттап түсдiк.

Он түнге жантаймалы жолмен
Тоғберуге жеттік.
Жершi жер жаңылып өлтірілді.
Мұң етiп қаған желiп жетті.
Ол су ..... ол су құлдырай
Бардық, санаулы (рет) түсiре тоқтатамыз.

Тау ығын баурайлай өттік.
Күн де түн де желiп бардық.

Қырғыздарды оққа басдық.
.....әскерлерімен шайқастық.
Әскері ханы жиналды.

Соғыстық, найзамен шанышдық.
Ханын өлтiрдiк.

Қағанға Қырғыз халық бағынды.
Қырғызды жеңдік.
Түргеш қағаннан елшi келдi.

Сөзi осылай : « шығыстан қағанға қарай
әскер жорытайық» дептi.
Жорытпасақ, бiздiң қағанымыз алып едi,
айғұшысы-кеңесшісі бiлiк едi,
қанша не болса
бiздi өлермен етейік деген екен,
Түргеш қағаны аттанды» дедi.

«Он-оқ халық қалмай аттанды» деп
«Қытай әскерi де бар» едi

Ол сөздi есітiп, қағаным
мен бек болып басқарып түсейiн дедi.
Қатұн жоқ болған едi.
Оны жоқтайын дедi.
Әскер барсын дедi!

Алтын йтауда отырсын дедi.
Әскер басы - Iнел қаған
Тардұш шад барсын дедi.
Бiлге Тұнық-ұққа маған, айтты
Бұ әскердi ерт дедi
қиындығын көңiлiнше айт !
мен саған не айтайын! дедi

Келер болса көр!
Келер келмес болса ет жылы (?)
Сөздi алып отыр дедi.
Алтын тауда отырдық.
Үш елші кiсi келдi. Сөзi бiр .

«Қағанның әскерi аттанды.
Он-оқ әскері қалмай аттанды» деді.

Йарыш жазықта жиналамыз» дептi.
Ол сөздi есітiп
Қағанға қарай ол сөздi жөнелттiм.
Қайтадан (?) сөздi және .....
келдi, отырайық деп иілмейік
қарауылы мықты ұрысқа бастырмайық дедiм

Бөгү қаған маған қарай сонша айтты.
Апа Тарханға қарай iшкi сөздi жөнелттiм
Бiлге Тұнық-ұқ аңқаулықты ол өз ол аңдып......
Әскер жорытайық дегенi
оны маған ол сөздi есітiп әскермен жорыттым.

Алтын тауды жолсыз астық .
Ертiс өзендi кешусiз кештiк.
Түн қатып жүрдiмiз
Болчұға таң ата шаптық.
Атты келтiрдi, сөзi сондай

Йарыш жазықта он түмен әскер жиналды.
Ол сөздi есітiп бектер ұғысып,
қашып жеңілейік, таза аман қалайық дедi .
Мен сонша деген едiм.

Мен Бiлге Тұнық-ұқ
Алтын тауды аса келдiк.
Ертiс өзендi
кеше келдiк. Келерде
алып дедiк, тулап шаршамадық.

Тәңірi Ұмай Ұйық Жер су
басымдылық берген екен. Неге қашқақтаймыз!

Бәрінен неге қорқамыз !
Аз деп не басты аламыз!
Шабайық дедiм
Шабуылдадық, жойдық. Екiншi күнi
өртше қызу келдi. Соғыстық.
Бiзден екi ұшы сыңарша артық едi.

Тәңірi жарылқағаны үшiн
Бәрі көп деп бiз
қорықпадық, соғыстық.
Тардұш Шад арасы кезектей жеңдiк.

Қағанын тұтқындадық, йабғұсын, шадын
сонда өлтiрдiк.
Елудей батыр-ерін тұтқындадық.
Ұлық түнде халқын санап жебірдік.

Ол сөздi есітiп
Он-оқ бектерi халық көп
Келдi, бас иіп келушi бектерiн
халқын жиып азша халық қашпас болды.
Он-оқ әскеріне жорық жасадық.
Бiз тағы жорық жасадық, бағындырдық.
Йенчү (Інжу) өзендi кеше
Тiнсi ұлы жатағыма
Мыңлық (Біңлік) екi тауды қуалай.....
Темiр Қақпаға дейін жеттік.
Сонда қайтардық.

Iнел қағанға ......Ақрым ? атаққа
Тәжiк, Тоқұрсын
сонда бiрiккен Ас-оқ бастаған
Соғды халық көп келдi
Бағынды, ол күнге жетті.

Түрiк халқы Темiр қақпаға
Тенсi ұлы
Тенсi ұлы жатағыма тауға жетпес
Иесi киесі жоқ едi, ол жерде

Мен Бiлге Тұнық-ұқ тектеп апарғаным үшiн
сары алтын, өрпек -ақ күмiс
қыз, әйел, нар түйе, мата сыйды мұңсыз келтiрдi

Елтерiс қаған Бiлге (қаған).....................
алптығы үшiн
қытайға он үш рет соғыстық.
Қытанға жетi ре соғыстық.
Оғұзға бес рет соғыстық. Сонда

Айғұчы-кеңесшісі.........
және мен ғана өктем едiм.
айғычысы-кеңесшісі және мен едiм

Елтерiс қағанға...............
Түрiк Бегi қағанға
Түрiк Бiлге қағанға ..............
Қапаған қаған жиырма үш жасқа ........... сонда ..................................едi
Түнде ұйықтамады...
күндiз отырмады
қызыл қанымды ағыздым,
қара терiмді төктім,
iсті-күшті бердiм-ақ
ұзын желмек және жетпек
Арқұр қарауылды ұлық жақсарттым,
басынуға жауды келтiрер едiм
қағанмен жорық жасадық.
Тәңірi жарылқай
Бұл Түрiк халқына
жаралы жауды желдiрмедiм
тулы (түгел) атты жүгiрттiрмедiм
Елтерiс қаған иелік етпесе
ұдайы мен де өзiм иелік етпесем
ел де халық та жоқ болар едi
Иелік еткен үшiн ұдайы елім иелік еткенім үшін
Ел де тағы Ел болды
Халық та тағы халық болды!

Өзiм қария (күш-қарусыз) болдым.
Ұлық ( үлкен жасты) болдым.
Неткен жердегi қағандық халыққа
Бөнтегі (?) бар болса
не мұңы бар болар еді!
Түрiк Бiлге қаған елiне бiтiтдiм (жаздырттым)
мен Бiлге Тұнық-ұқ
Елтеріс қаған иелік етпесе
жас батыр-ері болса

мен өзім Білге Тұнық-ұқ иелік етпесем
мен жоқ болар болсам
Қапаған қаған, Түрiк Есiр халық жерiнде
Мал да , халық ата, кісі де иесi жоқ болар едi.
Елтерiс қаған Бiлге Тұнық-ұқ иелік еткен үшiн
Қапаған қаған, Түрiк Есiр халық жорытқаны бұл
Түрiк Бiлге қаған
Түрiк Есiр халықты
Оғұз бүтін халықты
игілікте (артқыза) отырғызар!


Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.