Алдыы-Бель I, Е-12 515
Алдыы-Бель жазығында Улуг-Хем өзенінің сол жағалауында (Эйлиг-Хем өзен сағасынан 8 км).
Жасыл түсті сланецтен жасалған бітіктас. Желмен беті қатты бұзылған. Тастың беті тегістелмеген. Төрт қатар жазу бар.
Жоғарыдан төмен жазылған. I жолдың астында таңба қашалған. Қазіргі уақытта I, IV жолдар ғана көрінеді. Ал II, III жолдар оқылмай қалған. Олардың мәтіні бұрынғы деректер бойынша беріледі. Төрт жолда барлығы 50 таңбадай болған.
Биіктігі – 175 см, ені – 32 см
Бітіктасты 1888 ж. Аспелин Сафьяновтың жол сілтеуі бойынша ашты.
1981 ж. Клеменц449 зерттеп, көшірмесін алды. 1965 ж. - СТЭАН қызметкерлері зерттеді (Батманов).