Чаа-Холь III, Е 15 515, «Чакул» үшінші ескерткіші
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
Бұл бітіктастың табылған жері Ұлық-Кемнiң сол ағысы бойынша Чаа-Қол сағасынан 8 км жерде.
Қазір қайда екені белгісіз.
Бітіктас қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалған. Фин-угор ғылыми қоғамының хабарлауы бойынша, ескерткіштің: "ұзындығы 6 фут, ені 9 дюйм" делінген.
Ұзындығы 6 фут(182,88 см), ені 9 дюйм (22,86 см)
1889 ж Хейкел тапқан. Мәтіндік зерттеуін Доннер, В.В.Радлов, H.N.Orkun, С.Е.Малов және басқалар жүргізді.