қазрусeng
:
:
  Кезек-Хуре (e-58) бұғытасындағы мәтін

Кезек-Хуре (e-58) бұғытасындағы мәтін

VIII-IX ғ


Кезек-Хуре, Е 58 515


1961 ж Тува музейі мен ТНИИЯЛИ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тува музейіне әкелген.


Сұр құмдақ бұғы тастан жасалған. Көлденең қимасы дөңгелектеу болып келеді. Тастың беті тегістелген. Желмен қашалған мәтін тегістеліп кеткен. Тас бетінің қираған жерлері бар.

Бұғытастың бетіндегі бұрыннан қалған бейнелердің үстіне бітік қашалған. Мәтін екі қапталына тігінен жазылған. Тастың алғашқы бетінің 1 және 2 жолдары анық күйінде сақталған.


Биіктігі – 229 см, ені – 37 см, қалыңдығы – 25 см


1947 ж Евтюхова мен Киселев тапқан. 1960 ж бітіктің бір бөлігі оқылмаған күйі баспаға басылды. Бітіктастың келесі бетіндегі бітік 1963 ж жарияланды.

Ғылыми зерттеуін Л.Р.Кызыласов 514, Д.Д.Васильев және басқалар жасады

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.