Элегест өзенi оң жағасындағы Ээр холь қорғанынан табылған. Межегей өзенің сағасына жақын. Бұл ескерткіш тұрған қорғанда Қызыласов қазба жұмысын жүргізді.
1977 ж ИВ АН СССР және ТНИИЯЛИ қызметкерлері жүргізген эпиграфикалық экспедиция барысында Тува музейіне әкелген.
Құлпы тас, ақшыл сұр құмдақ тас. Қимасында төртбұрышты. Беті тегістелген. Қырлары жалпайтылған. Тастың бетінде жырық, сынықтар бар.
Барлығы 5 жол мәтін бар. Екі қапталына қашалған. Бір бетіндегі жазудың төменгі жағында таңба қашалған (жартылай жойылған).
Биіктігі - 233 см, ұзындығы - 40 см, ені - 33 см
1962 Л.Р.Кызласов тапқан 518.