Mainz 387
Шығыс Түркістан. Екінші Прусс Тұрпан экспедициясында (Zweite Preußische Turfanexpedition 410) жүргізілген қазба жұмыстарында табылған.
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Қатты зақымданған кітап бетінің бөлігі, жоғарғы жағы жыртылған.
Көне түрікше.
Сарғыш, қатты қағаз.
Жолдар саны: А және В жақтарында 10 жолдан.
А жағының сол жақ шетінде штемпельмен Т III деген белгі қойылған, қаламмен B 227 D белгісі жазылған; оң жақ жоғарғы бұрышында Mainz 387 және Т II. D.B.227 деген белгілері бар жапсырмалар жапсырылған.
Әр жолдың арасы: 0,8 см.
10,7 см (биіктігі) x 6,9 см (ені).
Серткая 424 зерттеу жүргізген.
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.Mainz 387 (T 11 B 227 D).