қазрусeng
:
:
Қойтүбек көне түрік мәтіні
Есік қорғанынан табылған тостағандағы жазу
Үржардан табылған қытай қола айнадағы түрік бітік мәтіні
Ертiстен табылған қола айнадағы түрік бітік мәтіні
Ақтөбеден табылған қола айнадағы мәтін
Жұбан төбеден табылған тас құралдағы мәтін
Қозы-Көрпеш – Баян сұлу дыңы
  Есік қорғанынан табылған тостағандағы жазу

Есік қорғанынан табылған тостағандағы жазу

Б.д.д. V-ІV ғғ.


Сақ дәуірінікі.


"Есік жазуы"


Алматы қаласынан 50 км жердегі Есік өзенінің бойынан 1970 ж археологиялық қазба кезінде көне қорымнан табылған. Бұл қорымнан алтын киімді сақ жауынгері мен оның дулығасы, алтын сапты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс-аяқ және осы жазуы бар күміс тостаған табылды.

ҚР Президеттік мәдениет орталығында сақтаулы.


Күмістен жасалған тостаған.

Тостағанның сырт жағына ойылған 26 таңба екі жолға жазылған.


Белгілі түріктанушы-ғалым Алтай Аманжоловтың оқығаны

: "Аға, саңа очкуқ! Без чөк! Букун ічре (р?) азуқ і".

Аудармасы: "Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізеңді бүк! Халықта азық түлік мол болғай!".

Қазірге дейін тостағандағы мәтін жайында жиырмадан астам тарихи тілдік зерттеу мен ұсыныстар бар.

( ежелге кхароштхи және т.б.)

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.