қазрусeng
:
:
  Орду-балық II (Қарабалғасұн II) бітіктасы

Орду-балық II (Қарабалғасұн II) бітіктасы


IX ғ

М .Шинэхүүдiң пiкiрiнше, қытай жылнамасы «Тан-шу» да аталатын Ұйғыр қағандығының IX ғасырда өмір сүрген қолбасшысы «Гюйлу-Мохэ» деген кiсi осы Бұқа болу керек.


«Хар балгас ескерткіші»


Арханғай аймағы Хотонт сұмыны Орхон өзенiнiң батысындағы Орду-балық қаласынан 8 км солтүстiктегi Жарантайн өзенi жағалауынан табылған.

Қазiр Моңғолия ҰА-ның Қоғамдық ғылымдар ғимаратының алдыңғы алаңда орнатылған.


Бітіктас сұр граниттен жасалынған. Мәтінде 12 жолдан 103 таңба-әрiп бар. Ескерткiште екi таңба қашалған.


Бітіктастың биiктiгi-1,7 м, енi-0,30-0,25, қалыңдығы – 0,12-0,15 м.


1973 ж. 8-жылдық орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы С.Мягмаржав тапқан. 1975 ж. Моңғол-Совет экспедициясы ҰА-ның Тарих институтының лабораториясына әкелген. Моңғол ғалымы М.Шинэхүү алғашқы тiлдiк зерттеулерiн жүргiздi232 .

2001ж., 2004 ж. Қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді.


  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.152-153.

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.