VIII-IX ғ
«Уйбат ескерткіші», «Уйбат бірінші ескерткіші»
Уйбат өзені оң жағалауы Чарков ауылы маңындағы қорғанда орнатылған.
1886 ж. Минусинск музейіне әкелінген. ММ, инв № 7.
Уйбат өзені маңынан бес ескерткіш табылған. Қола және ежелгі көшпенділер дәуіріне қатысты бұғытас (б.з.д. II мыңжылдық).
Сұр құмдақтастан жасалынған. Бұғы тастың төмеңгі тұсында ежелгі антропоморфты бейнелі тастың екі қапталы мен бір қырында барлығы 5 жол мәтін қашалған.
биіктігі - 2,12 м, ені - 0,19-0,26 м, қалыңдығы - 0,19 м.
1721-22 ж. Т.Страленберг, Мессершмидт тапқан . Мәтіндік зерттеулерін В.В.Радлов 278 , С.Е.Малов279 , Х.Н.Орхун, И.В.Кормушин280 жасады.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.183.