VIII-IX ғ
«Кежилиг-Хобу ескерткіші», «Кежээлиг-Хову ескерткіші»
Ұлық Кем өзені Эжим саласының оң жағалауындағы Көжелік қобы деген жерде орнатылған.
1961 ж. И.А.Батманов зерттеп, Тува музейіне әкелген.
Жасыл сұр сланец тастан жасалынған. 11 жол мәтін қашалған. Онда бет қапталында 1-8 жол, қырында 3 жол. Таңба қашалған.
биіктігі - 2,48 м, ені - 0,44-0,46 м, қалыңдығы - 0,35-0,39 м.
1916 ж. Адрианов тапқан. С.Е.Малов, З.Б.Чадамба, Д.Д.Васильев, И.В.Кормушин, А.С.Сәрсенов және т.б ғалымдар зерттеді.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.193.