VIII-IX ғ
«Уюк Аржан ескерткіші»
Уюк өзені бойындағы Көктон шатқалында орнатылған екен.
1916 ж. А.В.Андриановтың ұйымдастыруымен Минусинск музейіне әкелінген. ММ инв. № 21
Аржандағы кіші қорғанның құрамдас бөлігі. Қола және көшпенділер заманына қатысты бұғытас (б.з.д. VII-VI ғғ).
Сұр жасыл сланец майда тастан жасалынған. Бұғытастың жоғарғы тұсында дөңгелек, үш сызық, ортаңғы тұсыда қару-жарақ пен таңба белгілер бар. Көне түрік мәтіні 2 жол болып төменнен жоғарыға қарай қашалған. Бұған қарама-қарсы қапталында екі кішігірім сызықты жарты ай мен көсеу секілді таңба қашалған.
биіктігі - 2,40 м, ені - 0,49 м, қалыңдығы - 0,29 м.
1888 ж. И.Р.Аспелин тапқан. 1906 ж. Гране зерттеген.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.171.