VIII-IX ғ
«Канмыылдыг-Хову ескерткіші», «Шанчы-2 ескерткіші»
Тува Республикасы Чаа-қол ауданы Шанчы ауылынан 9 шақырыда Қаңмылдық-Қобы жазығы Чаңғыс-Ырғай деген жерде орналасқан.
Бітіктас орнатылғаны қалпында, табылған орнында тұр.
Сұр сланец тастан жасалынған. 2 жол мәтін қашалған. Екінші жол мәтіні өте өшіңкі, оқылмайды. Таңба қашалмаған.
биіктігі - 1,49-1,61 м, ені - 0,30-0,35 м, қалыңдығы - 0,37 м.
1962 ж. З.Б.Чадамба (Арагачи) тапқан 292.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.203.