VIII-IX ғ
«Уюк Туран ескерткіші»
қазіргі Туран қаласы маңында орнатылған екен.
1943 ж. Данзынұлы ұйымдастыруымен Қызылдағы Тува музейіне әкелінген.
Аржандағы кіші қорғанның құрамдас бөлігі. Қола және көшпенділер заманына қатысты бұғытас (б.з.д. VII-III ғғ).
Қызғылтым сұр құмдақ майда тастан жасалынған. Екі қапталында киік, бұғы, доңыз бейнелерін және таңба-белгілерді оймыштап бейнеленген тастың қарама-қарсы екі бетінде барлығы үш-үштен 6 жол мәтін қашалған. Жарты айшық пен ашамай таңбалар қосылып «бақан» секілді таңба құраған, ол екінші қапталдың төменгі тұсында қашалған.
биіктігі - 2,82 м, ені - 0,19 м, қалыңдығы - 0,41 м.
Алғаш 1887 ж. Фунтиков тауып хабарлаған, 1888 ж. И.Р.Аспелин, 1891 ж. Д.А.Клеменц, 1906 ж. И.Г.Гранэ және т.б. ғалымдар зерттеді.
Н.Базылхан. Көне түрік бітіктастары (Орхон, Енисей, Талас)// "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.172-173.