VIII-IX ғ
«Барық ескерткіштері», «Барық бірінші ескерткіштері»
Барық өзенінің шығыс жағалауында Ийи-тал ауылынан оңтүстікке қарай 11 шақырым қашықтықтағы төбешікте айналасындағы 6 ұстынтас ескерткіштерінің бірі.
Тува музейінде сақтаулы.
Көне түрік дәуірінікі
Қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалынған. Бітіктастың бетінде небәрі 3 жол мәтін ғана қашалған. «Бақан» секілді таңба төменгі тұсында қашалған.
биіктігі - 1,50 м, ені - 0,44-0,65 м, қалыңдығы - 0,15 м.
1891 ж. Д.А.Клеменц алғаш тапқан. 1961 ж. И.А.Батманов тарапынан қайтадан тексеріліп Тува музейіне әкелінген.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.174.