Уюк Оорзак I-III, Е-109 515
Оорзак шатқалы Уюк өзен аңғарындағы егістік алқаптан табылған.
Тува Мұражайында сақтаулы.
Барлығы 4+1 жол мәтін қашалған. 4 жол жалпақ бетіне, 1 жол жіңішке бетіне қашалған. Бітіктастың төменгі жағында петроглиф суреттер мен таңба қашалған. Тастың беті минерал қабыршақтарымен қапталған. 1 және 3 жолдардың арасында едәуір ашық. Жіңішке бетке қашалған 5 жол түгел дерлік өшіп қалған.
Жалпақ құлпытас қызғылт құмдақ тас. Екіге бөлініп кеткен.
Бір бөлігі 190 х 41-43 х 15 см, екінші бөлігі 95 х 60-40 х 8 см.
1974 ж. Грязнов, Маннай-оол жүргізген ТНИИЯЛИ экспедициясы тапқан. 3.Б.Чадамба 494, 495, 496, Д.Д.Васильев 497 зерттеген.