қазрусeng
:
:
  "Бага ойгор" (Кіші ойғыр) түрік бітік-жазуы

"Бага ойгор" (Кіші ойғыр) түрік бітік-жазуы


Бага ойгор


Бұл ескерткіш Моңғолия, Баян-Өлгей аймағының Ұлан-құс сұмыны (ауылы) Бага ойгор “Кіші ойғыр” деген жердегі жартасқа жазылған. Мұны 1995 жылы Моңғол-Америка-Орыс мемлекеттерінің “Ежелгі Алтай” проектісі бойынша зерттеу жүргізген экспедиция мүшелері Д.Цэвээндорж, Э.Якобсон, В.Д.Кубарев тапқан.435


Жалпы бұл жартастарда 100-ге жуық петроглиф-суреттер бар екені анықталған. Ежелгі петроглиф-суреттері б.з.б. 3-6 мың жылға қатысты екен.

Осы жердегі көне түрік бітік жазуы мынадай:

Таңба-әріптері:

P T P T O N D R G L D

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11


AP..AP..: Күшейткіш мағыналы демеулік. “Мұнысын да, онысын да, және…және де” деген қолданыстарымен үндес қолданған. Басқаша айтқанда, “Атын да, тонын да “деген тіркестің көне түрікше қолданысы AP AT, AP TON 436. Қазақ тіліндегі “Ат тонын ала қашу” фразасы екеніне күмән жоқ.

AT: мініс ат, жылқы.

TON: Түрік бітіктерінде жиі қолданатын сөз “ton, tonluq”.437

EDER: Түркі тілдерінде eyer-,eder-,eger- “қуалау, қуу, іздеу” т.б. мәнді сөз.438

EGІLDІ: “Иілу, бас иію, езілу ” деген мағынадағы сөз.439

Осы көне жазу туралы алғашқы аударманы жасаған, зерттеуші Баттулга Ц. "Апа ата ап атун едер өгеледі"- деп дыбысталуын тізіп, "ата баба таза атын қайта ұқты, шынықты ол" 440 деген мәнде аударғаны тым үстірт болған деп ойлаймыз.

1.Базылхан Н. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы көне түрік бітіктердің жаңаша оқылуы //"Отан тарихы" ғылыми журналы, 2003, №2-3.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.