Mainz 174a-e
Шығыс Түркістан. Екінші Прусс Тұрпан экспедициясында (Zweite Preußische Turfanexpedition 410) жүргізілген қазба жұмыстарында табылған.
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
5 жыртынды бөлік шынымен қапталған. Бұл жыртынды бөліктер U 175 (Wilkens, №588) қолжазбасымен бірге деп есептелініп408, бір қолжазбаның ортаңғы бөлігі саналады.
Көне түрікше. Шрифт түсі – қызыл, қара. Қағаздың бір жері жұқа, бір жері қалың, түсі ашық сарыдан қызғылтқа дейін, а бөлігінің ортасы мен b бөлігінің оң жағында су тиген дақтары бар.
Жол саны: а: А және В жақтарында 2 жолдан; b: А жағында 7 жол, В жағында 5 жол; с: А және В жақтарында 2 жолдан; d: А және В жақтарында 4 жолдан; е: А және В жақтарында 3 жолдан.
В жағында: b бөлігінде 4 және 5 жолдардың арасында қаламмен T II K деген белгі қойылған; d бөлігінде 3 және 4 жолдардың арасында қаламмен T II D 52 деген белгі қойылған. А жағында: оң жақ астыңғы бұрышында Mainz 174 және T II D.52-K деген белгілері жапсырмалар жапсырылған. Қоснүкте белгісін қызыл түспен қоршаған. B бөлігінің А жағындағы 1,2,4-6 жолдар және В жағындағы 1-3 жолдар қызыл түсті.
Әр жолдың арасы: а (ортада): 0,8 см; b (сол жағында): 0,6 см (А жағының 1-3 жолдарының арасы: 0,5 см; В жағының 4-5 жолдарының арасы: 0,9 см); d (оң жағында): 1,1 см; с (жоғарыда) и е (астында): анықталмаған.
а: 2,4 см (биіктігі) x 2,7 см (ені); b: 3,5 см (биіктігі) x 1,5 см (ені); с: 1,2 см (биіктігі) x 1,6 см (ені); d: 3,8 см (биіктігі) x 1,6 см (ені); е: 1,0 см (биіктігі) x 1,9 см (ені).
Серткая 424 зерттеу жүргізген.
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung Mainz 174a-e (T II K, T II D 52).