759 ж.
747- 759 ж. билік құрған Ел Етмiш Бiлге қағанға арналған ескерткiш кешен. Оның аты көне және т.б.: El Etmiš: Bilge qaγan, қытай деректерінде: Гэлэ-хан Мояньчжо (Мойын-чұр // Баян-чұр) .
«Селеңгі тасы», «Могойн шинэ ус ескерткіші», «Мойын чұр ескерткіші»
Бұлған аймағы Сайхан сұмыны Могойн шинэ ус деген жерде орналасқан. Солтүстік ендік бойынша- 48º32´; шығыс бойлық бойынша- 102º12´.
табылған орнында
Ескерткіш кешен бітіктас, оның тұғыры тасбақа және дөңгелек тас үйінді қорғаннан (шеңбері -26 м) тұрады.
Бітіктас қоңыр сарғылт түсті гранит тастан жасалынған. Төрт беті толы 50 жол мәтін қашалған.
1909 ж. Фин-угор ғылыми кеңесiнің экспедиция жетекшiсi Г.И.Рамстедт алғашқы мәлiметтердi «Cелеңгi тасы» деп атап, бітіктастың мәтіндік зерттеулерін жариялайды201 . Х.Н.Орхун202 , С.Е.Малов203 , Е.Убрятова, Б.Базылхан 204 , Ғ.Айдаров 205 , С.Қаржаубай 206 мәтіндік зерттеулер жасады.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.130-138.