Бұл ескерткiш Моңғолия, Говь-Алтай аймағының Чандмань сұмыны(ауылы)-ның “Шаахар толгой ” деген жердегi жартаста бәдiзделген екен. Онда көне түрiк әрiптi жазу және т.б. таңба сызықтар бар.
Бұл туралы алғашқы мәлiметтi 1996 жылы Моңғолия Мәдени мұралар Орталығы тарпынан жүргiзген экспедиция мүшелерi тапқан екен.
Осы бiтiк-жазу туралы дерек зерттеушi Ю.Болдбаатардың мәлiметiне сүйенiп қаралды.
Зерттеушiлер “Чұр” сөзi атақ-лауазым дейдi. Мойұн-Чұр, Баға Чұр, Күл-Чұр, Ел Чұр т.б. көптеген атақтар бар. Бұл жазудағы таңбалар БАЛ-ЧР / БАЛА-ЧР / ЫБЫЛ-ЧР деген түрлердiң бiрiсi. Осындай қысқа жазулардың оқылуында қиындық аса мол. Өйткенi , оларда сөйлем аяқталмаған, өте қысқа түрде берiлетiнiмен ерекшелiнедi.Дәл шешiп анықтап айту да оңай болмайды.