Түрік Елінің алғашқы қағандарының біріне арналған ең көне ғұрыптық кешендердің бірі.
«Өнгөт ескерткіші» , «Өнгөтийн хөшөөт».
Моңғолия, Төв аймағы Алтанбулаг сұмыны жерінде, Ұланбатыр қаласынан 88 км батыста Туыл өзенiнiң солтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Солтүстік ендік бойынша- 47º33´102´´; шығыс бойлық бойынша- 105º51´ 002´´. Теңіз деңгейінен – 1146 м.
Көпшілігі алғашқы орнында, кейбір сынық бөлшектер белгісіз.
Түрік дәуірінің ғұрыптық кешендері ішінде ең көп бәдізі мен балбалы бар кешен. Онда ор (68-48 м), сандықтас (1 дана), бәдіз (34 дана), , арыстан тас (1 дана), қойтас (0 дана), балбал (525 дана) .
1891 ж. Н.М. Ядринцев ескерткiш кешендi зерттеді475 . 1893 ж. Д.А.Клеменц те зерттеген. 1925 ж. Г.И. Боровка алғаш рет қазба жұмыстарын жүргізген. Моңғолия Кеңес одағының тарихи-мәдени экспедиция сы арехологиялық қазаб жұмыстарын жүргізген. Бұл қазба жұмыстары қыш ыдыс сынықтары, және соғыста жиі қолданылатын көшпелілердің темір «сірге» қаруы жүздеп табылған. Жалпы бұл кешенде 13 бағаналы ағаш құрылыс болғандығын дәлелдейтін баған ағаштардың түбі анықталынған.
1987 ж. В.Е. Войтов476 , Д. Баяр477 ғылыми сипаттамаларын жасады. «Өнгөт» ғұрыптық кешені 645-646 жылы Инан-қағанға арналған деп В.Е.Войтов478 жорамалдайды.