723 ж(?)
«Алтын тамған тархан» деген атауына қарағанда қағанның қасындағы алтын таңба-мөрді ұстаушы болуы ықтимал.
«Их Асгат ескерткіші», «Хөл Асгат ескерткіші», «Алтын тамған тархан ескерткіші »
Қазiргi Моңғолияның Бұлған аймағы Могод сұмыны, Түлээ тауының шығыс солтүстiгiнде орналасқан. Солтүстік ендік бойынша- 46º54´; шығыс бойлық бойынша- 104º33 ´.
табылған орнында.
1. Сандық тас – 2 дана (A - 4 дана қапталы, B - 4 дана қапталы )
1. 1. A- сандық тастың оңтүстік (А1) және батыс (А3), шығыс (А4) үш қапталы жерге орнатылған күйінде. Ал солтүстікке қараған төртінші қапталы (А2) құлап қалған. Жазу қашалған сандықтастың екі қапталы ( А1, А2) жанартау жынысты тұнбатастан, ал қалған екі қапталы ақшыл граниттен жасалынған. Бірінші бітіктастың (А1) оңтүстік бетiнде бөрік (қалпақ) киген, қолдарына аяқ ұстаған үш адамның қошқар оюлы сырмақ үстіндегі отырысы тасқа бедерленіп көркем бейнеленген. Ортадағы кiсi малдас құрып, сол қолымен белдiгiн ұстап отыр. Сол жақ тұсындағы кiсiнiң қалпақ үстiнде құс бейнесi мен Ашына тектiлердiң таңбасы қашалған.
1. 2. В -сандықтастың төрт қапталы ақшыл граниттен жасалынған, оның төрт қапталына ою өрнектер салынған, алайда о бедерлері мүжіліп әбден өшіп кеткен.
2. Үйінді тас – 1 дана, оның орны ғана қалған.
3. Балбалдар – ( бірнеше данасы ғана сақталынған, жалпы саны белгісіз ?)
Бітіктас (А1, А2) жалпақ төртбұрышты қара көк түсіт тұнбатастан жасалынған. А1 бітіктастың адам бейнеленген оңтүстік бетінің екі жиегінде бір бір жолдан 2 жол, ал артқы солтүстік бетінде 6 жол қашалған. А2 бітіктастастың төрт жиегінде бір-бір жолдан 4 жол жазу жазылған.
А1 бітіктас өлшемі - 1,3 x 0,8 x 0,2 м, А2 бітіктас өлшемі -
1893 ж. ботаник П.П.Левин алғашқы хабарды жариялайды. Одан 1893 ж. Н.Я.Ядринцев, Д.А.Клеменц ескерткiштiң көшiрмесiн алады. Осы мәліметтер бойынша В.В.Радлов зерттеп, бітіктастың мәтінін орыс, немiс тіліне аударады 188 . Одан кейін Х.Н.Орхун, С.Е.Малов, Н.Сэр-Оджав, Л.Болд және т.б. ғалымдар мәтіндік зерттеулер жүргізді 189 .
Моңғол археологы Н.Сэр-Оджавтың пікірінше аталмыш сандық тастар және оның ою өрнектері Күлтегін, Білге қаған және Тұңыұқ ескерткіш кешендеріндегі сандық тастарымен өлшемі мен ою өрнектері ұқсас жасалынған.
1984 ж. В.Е.Войтов, С.Г.Кляшторный осы ескерткіште қазба жұмысын жүргізіп жалпы жобасын жасады 190 .
2001ж., 2004 ж. Қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.124-125.