732 ж.
Орхон бойындағы бітіктас ескерткіштеріне қарағанда ең оңтүстіктегі ескерткіш.
«Чойр ескерткіші»
Қазiргi Моңғолияның Дорноговь аймағы, Чойр темір жол бекетінен 15 км қашықтықтағы Сансар тауындағы ғұрыптық кешен қорғанынан табылған. Солтүстік ендік бойынша- 46º1´; шығыс бойлық бойынша- 109º1 ´.
Моңғолия Ұлттық тарих музейінің экспозициясында.
Адамның басы бейнеленген бәдіз тас алғаш үлкен қорғаннан табылған екен. Ол қорған жайлы мәлімет әзірше жоқ.
Бәдіз қоңыр гранит тастан жасалынған. Бәдіздің бас тұсы анық сақталынған, одан төмеңгі кеуде тұсында 6 жол мәтін қашалған. Бәдіздің оң жақ қапталында екі таңба салынған.
1929 ж. Ж.Цэвээн Ұланбатыр қаласына музейге әкелген. Ол мәтіннің фотосуреттері мен қол көшірмесі бойынша С.Е.Малов193 1936 ж. алғашқы аудармасын жариялады. Осы бойынша 1939 ж. Х.Н.Орхун аудармасын ұсынды. 1962 ж. Э.Трыярский, 1968 ж. Б.Ринчен ескерткіштің фотосуреттерін жариялап, оның сақталуы жайлы мәселе көтерді. 1971 ж. С.Г.Кляшторный, 1998 ж. О.Ф.Серткая мәтіндік зерттеулер жүргізді 194 . 2001ж., 2004 ж. Қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.126-127.