732 ж.
«Арханан ескерткіші»
Қазiргi Моңғолияның Бұлғын аймағы, Хишиг-өндөр сұмынынан 40 км жердегi Арханан деген төбешiгiнiң (қазір малшының қыстауы орналасқан) батыс -солтүстiгiнде тау белінің жартасында көне түрік мәтін қашалған, ал бірнеше қорғандар оның алдынғы тұсында орналасқан.
Табылған орнында.
Мәтін ұзын гранит жартасқа үшкір затпен қашалған. Онда түрiк бiтiк мәтін 140 таңба-әрiптi 3 жол бәдiзделінген /2,6 х 0,85 м /, төменгі тұстарында 10 таңба қашалынған.
Бірінші жол 107 см, екінші жол 45 см, үшінші жол 35 см ұзын. Таңба-әріптің биіктігі 1,5-1,8 см, қашау тереңдігі 0,1- 0,2 см.
1966 ж. О.Намнандорж фотосуретi мен қолсызба көшiрмесiн әзірлесе, Моңғолия ҰА-ның Тiл және әдебиет институтының ғалымы Х.Лувсанбалдан қағаз эстампажын алған195 . Бұдан кейінгі зерттеуді Е.Трыяарский, С.Г.Кляшторный, С.Қаржаубай жүргізген 196 . 2001ж., 2004 ж. Қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.128