VII-VIII ғасыр.
«Их хануй нуур ескерткіші», «Эрдэнэ мандал ескерткіші», «Их хануй көлі ескерткіші»
Қазiргi Моңғолияның Архаңғай аймағы, Эрдэнэ мандал сұмынынан 4 км оңтүстiгiндегi «Шантын хөндий» деген жерде (Шанты жазығында ) орналасқан. Бұл жерде «Хар хул хааны балгас //Хар бух балгас», «Ханын балгас» деп аталатын көне қалашық бар. Солтүстік ендік бойынша- 48º28´64’’; шығыс бойлық бойынша- 101º19´68´´.
Табылған орнында.
1. Барық (Сандық тас) – 2 дана
1. 1. Бірінші (шығыс) сандық тастың үш қапталы жерге орнатылған күйінде. Олар тұнбастастан жасалынған. Ал шығыс жақтағы орта тұсында тесікті (шеңбері -21,5 см) төртінші қапталында екі жол жазу жазылған.
1. 2. Оның екінші (батыс) сандықтастың төрт қапталы ақшыл граниттен жасалынған. Бұл төрт қапталында ою өрнектер салынған. Бұл қазір орнында жоқ.
Бітік - қара көк тұнбастас (сланец) қапталына қашалынған.
1891 ж. Д.А.Клеменц бұл туралы алғашқы мәліметті тапты, ал соның негізінде В.В.Радлов мәтіннің аудармасын жасайды 197 . 1927 ж. Моңғол мен Тагна -Тува экспедиция мүшесi Б.Бямбаев қағаз қалыптық көшірмесін ( эстампажын) алған. 1978 ж. Н.Сэр-Оджав, В.Е.Войтов аталмыш ескерткіште археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген 198 . Х.Н.Орхун, Т.Текин, С.Г.Кляшторный 199 және т.б. ғалымдар мәтіндік зерттеулерiн жүргiздi. 2001ж., 2004 ж. Қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.129.