753 ж.
747- 759 ж. билік құрған Ел Етмiш Бiлге қағанға арналған ескерткiш кешен. Оның аты көне түрікше :
Teŋiride: bolmuš: El Etmiš Bilge: qaγan:
«Тариатын ескерткіші», «Тариатын Орхон жазуының жаңа ескерткіші», «Тэрхийн ескерткіші»
қазіргі Моңғолия Арханғай аймағы Тариат сұмыны Хойд Тэрхийн өзенінен солтүстікте «Долоон мод» деген жерден табылған.
Бітіктас бөлшектері Моңғолия Археология институтының лабораториялық қоймасында сақтаулы тұр. Тұғыр тасбақа Моңғолия Ұлттық академиясының есік алдында қойылған.
Бітіктас пен тұғыры арнайы салынған көтеріңкі жер қабатында орналасқан екен.
Бітіктас ақшыл сұрғылт түсті граниттен жасалынған. Бітіктастың төрт бетінде 30 жол мәтін қашалған. Тұғыр тасбақасы сұрғылт түсті граниттен жасалынған. Тасбақа жонында ұңғысы бар. Тасбақаның оң жақ жанбасында таңба және 1 жол мәтін қашалған.
сапты төмеңгі бөлшегі – 0,8х0,35х0,24 м; ортаңғы бөлшегі– 0,9х0,35х0,24 м, үстіңгі бөлшегі – 0,75х0,35х0,24 м, жалпы өлшемі – 2,35 х 0,3-0,35 х 0,2-0,24м. Тұғыр тасбақаның өлшемі-0,8х0,35х0,24 м;
1956 ж. моңғол археологы Ц.Доржсүрэн алғаш тауып, жерден 1 м-дей қылтиып көрініп тұрған тасбақа жонындағы бітіктас бөлшегін қазып тексерді және зерттеу жүргізген соң қайтадан көміп қояды 209 . 1969 ж. Совет-Моңғолия бірлескен тарихи-мәдени экпедициясы 210 тарапынан қайтадан қазылып, қағаз қалыптық көшірме (эстампаж) алынды. 1970 жылы Н.Сэр-Оджав, В.В.Волков археологиялық қазбалар жүргізіп біітктастың қалған екі бөлшегін тауып анықтады 211 . Аталмыш бітіктастың мәтіндік, тарихи-деректанулық зерттеулерін Б.Базылхан 212 , М.Шинэхүү 213 , С.Г.Кляшторный 214 , Т.Текин 215 , Қ. Сартқожаұлы 216 жасады.
1996-1997 ж. Моңғолия-Жапония бірлескен экспедициясы бітіктасты зерделей тексерген 217 . Аталмыш бітіктас жайында 2002ж., 2004 ж. Қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізген.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б. 139-145.