Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағының Ұланқұс сұмынынан 105 км солтүстікте Өртеңбұлақ деген төбешіктің үстінен табылған. Түрік бітік жазуы қашалған осы тұнбатас Өртенбұлақта (Үшбұлақ яки Сарыбұлақ, Өртеңбұлақ, Бағыбұлақ деген жайлаулардағы) Ойғыр бақтың тұрғыны Р.Мұраттың қыстауының шығыс солтүстігінде "Ұятас, Керейлер тасы" деп аталатын жартасты жерде орналасқан.
Табылған орнында.
Текшелеу қоңыр тұнбатастың (сланец) бетінде.
Мәтін 7 таңбадан және бөлек қашалған 3 және 1 таңбадан тұрады.
Тұнбатастың өлшемі 2,3 x 2,67 x 3,5 м.
Н.Базылған 1999 ж тауып зерттеген.