“Хөх хөтөл”
Бұл ескерткiш Моңғолия, Баян-Өлгей аймағының Баян-нуур сұмыны(ауылы)-нан қарай 36 км оңтүстiк-батыстағы “Көк асуы” (моңғолша: “Хөх хөтөл”) тауының оң жақ белiнде орналасқан.
Көне түрiк бiтiгi 1 м биiк, енi 1.5 м текшелеу тастың шығыс жақ жиегiнде жерден 12-13 см жоғары қашалып жазылған. Көне түрiк бiтiгi – 5 таңба-әрiптi.
Таңба-әрiптiң мөлшерi 5-6 см.
Осы кiшi ескерткiш туралы алғашқы хабарды археолог Д.Эрдэнэбаатардан598 жас ғалым Ц.Баттулга599 фотосуретi мен эстампаж және фотокөшiрмесiн алып, сол бойынша B S W R R / abas uri iru / - Абас ұрпағы тасы деп аударып топшылайды. Бiздiң қосарымыз мынадай:
Таңба-әрiптерi:
B Š U R I
1 2 3 4 5
Бұл бiтiк-жазудың оқылуы: ABAŠ , URI
Осы жазудың мәнi: АБАШ ҰР (+па+) Ы (+ғы) немесе АБАШ ҮРIМ-БҰТАҒЫ деген мағынада.
ABAŠ: Кiсiнiң аты болуы ықтимал.
URI: Көне түрiк жазуларында жиi кездеседi, қазақ тiнiдегi “ұрпақ, ұрық, үрiм”; көне моңғол тiлiндегi ori>орü “жас, жастық шақ”деген сөздерi де бар. Мұнда 5–ншi таңба өте белгiсiз. Оны бiрде “Р”600, бiрде “Қ” немесе “Ң” деп те оқуға келер.