Қазiргi Моңғолияның Қобы-Алтай аймағы, Бигэр сұмынынан 17 км Хар аарагын бичигт хад (Қара айрықтың бiтiк жартасы) деген жердегi жартаста қашалған.
Жартастағы жазу – 4 жол:
1) Бiрiншi жазу 1 жол түрiк бiтiк жазулы.
2) Екiншi жазу 1 жол түрiк бiтiк жазулы.
3) Үшiншi жазу 1 жол түрiк бiтiк жазулы таңба мен таутеке бәдiзделген.
4) Төртiншi жазу 1 жол түрiк бiтiк жазулы.
Бұл түрiк бiтiк жазуын алғаш рет 1969 жылы Моңғол-Совет экспедиция тобы тапқан601. Сол экспедиция құрамында қатысқан ғалым М.Шинэхүү602 осы төрт бөлек кiшi жазуды алғаш рет оқып, көне моңғол, қазақ, манжұр тiлдерiмен салыстыра аударған.
1. ұчырлар йолы артұрда
2. бала ел едiктез
3. күлүкни йорты
4. мен бiтiп
ұшырасқандар жолға шықты
Жұтан ел көмектеспедi
Көлiк жортты
Мен бітіктеп