Көне түрік билік иелерінің біріне арналған.
"Хөнө тарни ескерткіші", "Тарни ескерткіші"
Өвөрхангай аймағының Бүрд, Төв аймағының Эрдэнэсант, Булган аймағының Рашаант сұмындарының түйіскен шекарасы. Тарни өзені көпірінен 1,5 км жерде биіктеу төбеде өте ірі тас үйінділерден табылған.
Солтүстік ендік бойынша - N - 47º 17´ 059´´ шығыс бойлық бойынша - E - 103º 37´ 453´´. Теңіз деңгейінен - 1313 м.
Табылған орнында.
Ғұрыптық кешен ақшыл сары граниттен жасалынған. Бәдіздің басы сынған. Малдас құрып отырған толық пішінді. Оң қолымен ыдыс ұстағаны сынып жоғалған. Сол қолы сол жақ тізе тұсында. Оюлы белдігінің кейбір тұстары ғана сақталған. Белдіктің оқшантайы бәдіздің оң жақ бүйірінде қашалған. Тоны екі жағалы және төрт жапырақты гүл іспетті ою өрнекпен өте әсем нақышталған. Бәдіздің арқа тұсында осы ою өрнектері сақталынған.
Бәдіздің өлшемі: 120 х 75 х 33 см.
1987 жылдан бастап зерттей бастаған. Моңғол археологы Д.Баяр608 аталмыш бәдіздің арнайы сипаттамасын жазып, архитектуралық өлшемі мен сызба суретін жариялаған.