Хар-Салаа IV, Шивээт хайрхан тауындағы жазу
Моңғолияның ең биік аймағы Алтай тауында (солтүстік ендік бойынша - 49º 05´; шығыс бойлық бойынша - 88º 15´) кездесетін тастағы көне түрік жазуы. Жазу Шивээт-Хайрхан тауында Хар-Салаа өзені жақ бетіндегі тасқа қашалған.
Табылған орнында.
Барлығы 60-қа жуық таңбамен көне түрікше бітіктелген 5 қатар мәтін.
Таңбалардың биіктігі 3-7 см.
Кубарев тауып 2009 жылы жария етті609. Көне түрік жазуының ғылыми зерттеуі жасалынбаған. Кубарев былай деп жазады "... В Хар-Салаа-IV древние тюрки оставили очень мало рисунков: всадник с копьем (рис. 391) и группа из трех всадников, у которых на конях показаны чепраки и седла; на одном наезднике трехрогий головной убор, а на голове другого, очевидно, изображена одна коса. В правой руке этот же всадник держит топорик (рис. 474). Прямо за зимником, рядом с большой фигурой "небесного быка" (рис. 437), скопировано несколько строк древнетюркской надписи (рис. 444). Пока это единственные найденные надписи у горы Шивээт-Хайрхан".